
28 сәуір 2026 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі Алматыдағы ірі ауруханада өрескел бұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Тексеруді МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті жүргізген, нәтижесінде медициналық мекемеге 2,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствоның түсіндіруінше, бұзушылықтар науқастардың өмірлік маңызды көрсеткіштерін – жүрек соғу жиілігін, артериялық қысымды, қанның оттегімен қанығу деңгейін (SpO₂), электрокардиограмманы (ЭКГ) және дене температурасын бақылауға арналған модульдерге қатысты болған.
Тексеру барысында медициналық ұйымның қызметінде ҚР «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 17 және 19-баптарының талаптарын бұзу фактілері анықталды.
22 сәуір 2026 жылы Қазақстанда Денсаулық сақтауды қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі құрылғаны белгілі болды.
Дереккөз: Zakon.kz