...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы жеті ірі стихиялық сауда нүктесі жойылды

Алматының Әуезов ауданында жеті ірі стихиялық сауда нүктесі жойылды. Онда заңсыз киім, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер сатылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әуезов ауданының әкімдігі хабарлағандай, бұл шаралар қала әкімінің тапсырмасы бойынша белгіленбеген орындарда сауда жасаудың жолын кесу және Алматының Абаттандыру ережелерін сақтау үшін қабылданған.

Сатушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілген.

Жыл басынан бері аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша 698 әкімшілік хаттама толтырды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асты, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 1386 хаттама толтырылып, айыппұл сомасы 5,3 млн теңгеден асқан.

Айта кетейік, жыл басынан бері Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бөлшектелген.

Дереккөз: Nur.kz