...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі өртте әйел қаза тапты

Алматыдағы 13 қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан әйел қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тілсіз жау 23 тамызда сағат 22:49-да Алматыдағы Әді Шәріпов көшесіндегі 13 қабатты тұрғын үй кешенінде тіркелді.

— Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 5 минут ішінде техникалық бөлмеде және екінші подъезд қабаттарында кабельдердің, сондай-ақ тұрғын үй кешенінің бірінші подъезіндегі 7-ден 13-қабатқа дейінгі электр қалқандарының жануы анықталды, — деп хабарлады қалалық ТЖД.

Құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, баспалдақпен 148 адам құтқарылды, оның ішінде 9 бала бар. Төрт адам ауруханаға жеткізілді.

— Зардап шеккендердің бірі есінен танып жатқан күйде табылды. Келген дәрігерлердің реанимациялық шараларына қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады, — деп нақтылады құтқарушылар.

Өрт 23:57-де оқшауланып, 00:14-те толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 90-ға жуық қызметкері мен 25 техника жұмылдырылды.

ТЖД өрттің тарауына өрт туралы кеш хабарлау себеп болғанын атап өтті. Тұрғындардың ақпараты бойынша, өрт дабылы өрт сөндіру бөлімшелері шақырылғанға дейін бір жарым сағат бұрын іске қосылған. Алайда тұрғындар өртке қарсы қызметке уақтылы хабарламаған. Бұған дейін өрт-техникалық тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама берілгені айтылады.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, жексенбі күні Алматыдағы Әді Шәріпов көшесіндегі кабель шахтасында өрт болғаны хабарланған. Өрт жоғарылатылған шақыру дәрежесі бойынша сөндірілді.