...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы саяжай алабынан қару-жарақ табылды

Алматының Медеу ауданындағы саяжай алабынан мылтық пен тапаншаға ұқсайтын зат және патрондар табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тәркіленген заттардың қатарында ИЖ маркалы мылтық бар. Сонымен қатар тапаншаға ұқсайтын зат пен оқ-дәрілер анықталған.

Қазіргі уақытта сарапшылар табылған қару-жарақтың шығу тегін және олардың қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға кірісті.