...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда аялдама жанында есірткі жарнамасын жапсырған әйел ұсталды

Алматыда аялдама кешенінің бірінде есірткі дүкендерінің жарнамасын таратты деп күдіктелген әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, аялдамалардың бірінде заңсыз жарнама жапсырған әйел байқалған.

«Оның қасынан есірткі дүкенінің жарнамасы жазылған 116 жапсырма, ұнтақ тәрізді зат салынған екі орама және ұялы телефон тәркіленіп алынды. Тағы төрт QR-коды бар стикер аялдамаға жапсырылып қойған еді», — деп нақтылады полицияда.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінде.

Полиция азаматтарды күдікті QR-кодтарды сканерлемеуге және осындай стикерлер туралы полицияға хабарлауға шақырады.