Алматыда маусым басталғалы бері бақша дақылдарымен уланудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Тексерулер қарбыз бен қауындағы нитрат мөлшерінің рұқсат етілген нормадан аспайтынын көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, маусым басталғалы бері Алматыда бақша дақылдарымен уланудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Мамандар өнімге зертханалық зерттеулер жүргізіп, оның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері мен Қазақстанның санитарлық заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Сарапшылар ең алдымен нитрат деңгейін анықтайды. Қажет болған жағдайда өнім пестицидтердің, уытты элементтердің қалдық мөлшеріне зерттеліп, микробиологиялық және радиологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Тексерулердің қолайлы нәтижелеріне қарамастан, санитарлық дәрігерлер бақша дақылдарын сатып алу кезінде сақтық шараларын сақтауды ұсынады. Арнайы белгіленбеген орындардан, әсіресе автомобиль жолдарының бойынан қарбыз бен қауын сатып алуға болмайды, сондай-ақ кесілген жемістерді алмау керек.
Сонымен қатар, мамандар қабықты мұқият тексеруге кеңес береді: зақымданулар ішке бактериялардың енуіне ықпал етіп, тамақтан улануды тудыруы мүмкін. ДСЭБ басқармасы тамақтан уланудың негізгі белгілері — температураның көтерілуі, құсу және іштің ауыруы екенін еске салды.
Дереккөз: Inalmaty.kz