...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы полициясы ер адам мен қыз арасындағы жанжалдың екі нұсқасын тексеріп жатыр

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 102 пультіне Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер болуы мүмкін деген хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жеткен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жолдан өтіп бара жатқан адаммен танысып, оның үйіне барғанын айтқан. Кейін олардың арасында жанжал шығып, қыз ер адамның тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасалғанын мәлімдеп, полицияға жүгінген.

Ал ер адамның айтуынша, ол қызға туыстарына бара алмай, байланыссыз қалғанын айтқаннан кейін, тек адамгершілік ниетпен уақытша көмек ұсынған.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, екі жақтың дәлелдерін тексеріп, қажетті процестік әрекеттерді жүргізіп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Дереккөз: Zakon.kz