...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы өрт: әйел ауруханаға жатқызылды

Алматыдағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 пультіне Бостандық ауданы, Мыңбаев көшесіндегі үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт екінші қабаттағы пәтердің балконында басталған. Кейін жалын қосымша көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына тараған.

Көп ұзамай өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жатқызылды.

Өрттің мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.