Алматының Бостандық ауданында, Аюсай сарқырамасының жанында туристік соқпақтан тайып кеткен 2014 жылы туған жасөспірімдерге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Бостандық ауданындағы Аюсай сарқырамасының маңында болған. Қаланың мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары жасөспірімдерге көмек көрсетті.
«Құтқарушылар жасөспірімдерді тауып, оларды «Аюсай» визит-орталығына дейін шығарып салды, онда ата-аналарына тапсырды», — делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство жасөспірімдердің медициналық көмекке мұқтаж болмағанын нақтылады.
«Тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлаңыз, ауа райы жағдайын және күннің бату уақытын ескеріңіз. Туристік соқпақтардан таймаңыз және өз күшіңізге артық сенім артпаңыз», — деп еске салды Төтенше жағдайлар департаментінде.
