Енді Алматыдағы аулаларға шлагбаум орнату үшін әкімдікпен келісу қажет, ал құрылғының өзі қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс. Бұл арнайы көліктердің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Кілтпен жабылатын металл шлагбаумдар өткен шаққа айналып барады. Енді мұндай құрылғыларды орнатуға тыйым салынды. Жаңа ережелердің алғашқы талабы – қоршаулар автоматты түрде ашылуы керек.
Алайда тұрғындардың қалауы жеткіліксіз. Аудандық әкімдіктен рұқсат алу қажет. Ал егер аула өтпелі болса, мәселеге өртке қарсы қызмет қызметкерлері де тартылуы мүмкін. Айта кетейік, заңсыз шлагбаум орнатқаны үшін жаза қарастырылған.
Сонымен қатар Алматыда бір пәтерге тіркелетін адамдар санын шектеу ұсынылып отыр.
