...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы «Атакент» саябағында электросамокаттағы жасөспірімдер полициядан қашпақ болды

Алматы полициясы тұрғындардың шағымынан кейін «Атакент» саябағында рейд өткізіп, электросамокаттағы жасөспірімдердің қауіпті жүрісін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдер электросамокатпен және басқа да электр көліктерімен полицияның тоқтау талабын орындамай, саябаққа келушілердің арасында қауіпті жүрістерін жалғастырған.

Рейдке қала тұрғындарының бірнеше рет шағымдануы себеп болған. Өтініш берушілердің айтуынша, жылдамдықпен жүруді ұнататын жекелеген адамдар «Атакент» аумағында сағатына 80 километрден астам жылдамдыққа дейін жетеді.

«Рейдке қала тұрғындарының бірнеше рет шағымдануы себеп болды. Өтініш берушілердің сөзінше, жылдамдықпен жүруді ұнататын жекелеген адамдар «Атакент» аумағында сағатына 80 километрден астам жылдамдыққа дейін жетеді. Бұзушылардың арасында 12 жастағы жасөспірім болды. Онымен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады полициядан.

Полиция ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға және апатқа әкелуі мүмкін қауіпті жүрістерге жол бермеуге шақырады.