
25 мамыр 2026 жылы «Астана ТВ» телеарнасының хабарлауынша, Ерзат Егінбай геодезистің көмекшісі болып жұмыс істеген. Ол жоғалған күні Алматыдағы нысанда болған. Жақындарының айтуынша, жігіт басшысынан дүкенге баруға рұқсат сұрап, бірақ жұмыс орнына қайтып оралмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бейнебақылау камералары оның автобусқа отырып, Космос ауылына дейін барғанын тіркеген. Бірнеше күннен кейін жергілікті балықшылар ауыл маңындағы көлден мәйітті тапқан.
Туыстары Ерзаттың Космос ауылында ешкімді танымайтынын айтады. Оның қандай мақсатпен сол жаққа барғаны белгісіз. Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
25 жастағы жігіттің жақындары өз-өзіне қол жұмсау нұсқасына сенбейді. Себебі оқиғадан аз уақыт бұрын Ерзат жақын арада әке болатынын білген. Қазір Ерзат Егінбайдың отбасы мән-жайды мұқият тексеруді талап етеді.
Біз бұған дейін жігіттің жоғалғаны туралы арызбен полицияға туған бауыры жүгінгенін хабарлаған болатынбыз. Оның сөзінше, Ерзат Егізбай 19 мамыр 2026 жылы күндіз Райымбек даңғылындағы (147Б үйінің маңы) құрылыс нысанынан шыққан. Жанында ұялы телефоны болған, соңғы рет ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында (Іссік саяжайлары, «Көксай» СТ) белсенді болған.
Дереккөз: Zakon.kz