...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жүк көлігі сымдарды іліп, электр бағаналарын құлатты

Алматыда кран-манипулятор Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 380 вольтты күш кабелін іліп алып, проезжая бөлігіне екі бағананы және екі шам бағанасын құлатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құлаған бағаналардың бірінде «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оқиға салдарынан тұрғындар қатты дүрсілден оянып, далаға жүгіріп шыққан. Олар бағаналар мен сымдармен толған жолды көрген. Алайда кейбір жүргізушілер әлі тоқсыздандырылмаған сымдардың арасымен өтуге тырысқан.

Оқиға орнына келген электриктер сымдарды кесіп, қоқыстарды жинастырған. Жансүгіров көшесінің Дулатов пен Омаров көшелері арасындағы қиылыстарында екі бағытта да қозғалыс жабылған. Барлық көлік айналма жолмен жүреді. Полиция оқиғаны жасаған манипуляторды іздестіріп жатыр.

Дереккөз: Zakon.kz