...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жол ортасында пышақ сермеген ер адам ұсталды

Алматыда белгісіз ер адам Жетісу ауданы полиция басқармасының жанындағы жолдың жүргін бөлігінде пышақ сермеп, дүрдараздық тудырды. Оқиға видеога түсіп, әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кадрларда белгісіз ер адамның агрессивті әрекет етіп, жолда абыр-сабыр тудырғаны көрінеді. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оны полиция қызметкерлері жедел ұстаған. Ведомство дерегінше, ер адам мас күйінде болған.

«Жетісу ауданы полиция қызметкерлері мас күйіндегі ер адамның қатысуымен болған құқыққа қарсы оқиғаны тоқтатты, ол агрессивті мінез танытып, пышақ сермеген», — делінген полиция хабарламасында.

Ведомство полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында құқық бұзушыны залалсыздандырып, айналадағыларға қауіп төнбегенін атап өтті. Оқиға бойынша мас күйінде қоғамдық орында жүру және ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.

«Полиция агрессияның кез келген көрінісі, әсіресе айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды қолдану заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді», — деп қосты Алматы ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: Nur.kz