...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жерасты сыра зауыты жойылды: 7 мың литр өнім тәркіленді

Алматыда заңсыз сыра өндірісімен айналысқан подпольді цех анықталып, жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жедел уақиғаны анықтаған полиция қызметкерлері жертөледе орналасқан цехтан арнайы қайнату жабдығы, дайын сыраның үлкен көлемі, сондай-ақ құтылар мен шикізат тапты. Заңсыз айналымнан 7 мың литрге жуық сыра, жабдықтар, құюға арналған кегтер, шыны ыдыстар және өндіріске қажетті компоненттер тәркіленді.

Түрксіб ауданы полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиевтің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда және оларды анықтау жұмыстары жалғасады.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз: Inalmaty.kz