Алматыда апта соңына дейін Жандосов көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Жандосов көшесінің қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта жолдың орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осыған байланысты 27 тамыз сағат 22:00-ден 30 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде реверсивті қозғалыс енгізіледі.
Жол толық жабылмайды. Жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз, — деп ескертті қала тұрғындары мен қонақтарына.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.
