...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жалпықалалық сенбіліктерге жеті мыңнан астам адам қатысты

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, экологиялық акция қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сенбіліктер Алматының сегіз ауданындағы 12 нысанда өтті. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер, қоғамдық ұйымдар, еріктілер және экологиялық белсенділер қатарынан 7100-ден астам адам қатысты. Жұмыстарды жүргізу үшін 153 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Акция қорытындысы бойынша 1139 текше метр қоқыс пен қалдық жиналып, шығарылды.

Жұмыстар Үлкен Алматы, Қарғалы, Кіші Алматы, Жарбұлақ, Ақсай және Қарасу өзендерінің бойында, сондай-ақ «Оңтүстік» саябағы, «Аюсай» визит-орталығы, алғашқы қалалық экохаб, Green Recycle және Technic Destroy кәсіпорындарының аумағын қоса алғанда, қоғамдық кеңістіктер мен экологиялық нысандарда жүргізілді.

Алматы экология және қоршаған орта басқармасы атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрғындарды қала тазалығын сақтау мәселелеріне тартуға ықпал етеді.

Дереккөз: Zakon.kz