Алматыда кезекті заңсыз қосымша құрылысты бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Нысан Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайында орналасқан. Жоспардан тыс тексеру барысында мамандар меншік иесінің қажетті рұқсат құжаттарынсыз қосымша құрылыс салғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Осыдан кейін материалдар сотқа жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заңсыз қосымша құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.
Нысанды бұзу бүгін Алматы әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Дереккөз: Inalmaty.kz