Алматыда ВОАД-да кортеж тәртіпсіздік жасаған видео интернетте таралып, полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, жүргізушілерге қатысты келесі әкімшілік хаттамалар жасалды: авариялық жағдай туғызу, жасанды кептеліс жасау, заңсыз тонировкамен көлік жүргізу және қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзу.
Алматы полициясы еске салады: көлік құнына, жүргізуші мәртебесіне немесе қоғамдық назарға қарамастан, Жол жүрісі ережелерінің талаптары барлығына бірдей және міндетті түрде сақталуы тиіс.
Бүгін, 17 шілдеде, Алматы полициясы BMW жүргізушісінің әл-Фараби даңғылында ауыр жол-көлік оқиғасына қалай түскенін көрсететін бейнежазбаны да жариялады.
Дереккөз: Zakon.kz