...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Үшкемпіров көшесінде екі түнге жол жабылады

Алматыда Үшкемпіров көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық қызметтердің мәліметінше, жабу кезең-кезеңімен енгізіледі. 26 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 6:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылынан 5-ші көшеге дейінгі аралықта жол жабылады. Дәл осындай шектеу 28 мамыр сағат 23:00-ден 29 мамыр сағат 6:00-ге дейін сол жол учаскесінде қайталанады.

Жөндеу жүргізілетін орынға ескерту белгілері және мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруге шақырылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz