Алматының Алатау ауданында «Ұлы дала» сквері салынып жатыр, ол Үлкен Алматы каналының бойымен және Ақ-Қайнар көшесінің қиылысында орналасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алатау ауданының әкімі Данияр Кірікбаев брифингте жоба құны 273,2 млн теңгені құрайтынын айтты. Жұмыстар Саялы шағын ауданында жүргізілуде.
Жоба бойынша жеңіл сәулет құрылымдары мен декоративті жарықтандыру орнатылады, арт-нысандар мен жарық тіректері қойылады. Сонымен қатар ағаштар мен бұталар отырғызылып, автоматты суару жүйесі іске қосылады.
«Жоба аясында декоративті жарықтандырылған жеңіл сәулет құрылымдарын, арт-нысандар мен жарық тіректерін орнату қарастырылған. Бұған қоса ағаштар мен бұталарды отырғызу, автоматты суару жүйесін орнату және басқа да ілеспе жұмыстар жүргізіледі», — деді әкім.
Сквердің жалпы ауданы 1,2 гектарды құрайды.
