...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі атыс дабылы: полиция мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі

Алматыда түнгі уақытта «102» пультіне атыс дауысына ұқсас дыбыстар туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция оқиға орнына патрульдік экипажды дереу жіберді. Тексеру барысында қызметкерлер бір автокөлікті тоқтатып, оның багажнигінен сыртқы түрі тапаншаға ұқсас зат пен патрондарды тапты.

Автокөлік иесінің айтуынша, бұл құрылғы сигналдық болып табылады және оны қаңғыбас жануарларды үркіту үшін пайдаланған.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы келіп, табылған зат пен оқ-дәрілерді тәркілеп, сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі, — деп мәлімдеді қалалық Полиция департаменті.

Дереккөз: Inalmaty.kz