...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түлектердің автокортежіне қатысқан 21 ата-ана жауапқа тартылды

Алматыда мектеп түлектерінің автокортеж ұйымдастыру әрекетіне тосқауыл қойылды. Оқиға соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полицияның алдын ала ескертулеріне қарамастан, бір топ түлек қала көшелерінде көлік шеруін өткізіп, жол қауіпсіздігін бұзған. Нәтижесінде 21 кәмелетке толмаған қатысушының ата-анасы бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылып, автомобильдер айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция кәмелетке толмағандардың қатысуымен автокортеж өткізуге жол берілмейтінін алдын ала ескерткен болатын. Алайда кейбір қазақстандықтар заң талаптарын елемеген. Әрбір осындай факті бойынша шара қолданылатынын ескертеміз, — деді Алматы полициясының өкілдері.

Дереккөз: Inalmaty.kz