...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түлектер кортежімен «әдемі» жүріп, айыппұлға ұшырады

Алматы полициясы 21 түлектің ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Себебі жасөспірімдер мектеп бітіру құрметіне қала бойынша кортеж ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін өрескел бұзған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында қаладағы мектептердің бірінің түлектері автокортеж ұйымдастырған. Оларға бұрын мұндай іс-шараларға тыйым салынғаны ескертілгеніне қарамастан, жасөспірімдер көлік колоннасымен қала көшелерінде жүріп, жол қозғалысы ережелерін бұзған.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде 21 кәмелетке толмаған қатысушының ата-анасы бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», — делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудың бес дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Алматы Бостандық ауданы батальонының командирі Ғабит Ибраев полицияның кортеж ұйымдастыруға, әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен өткізілетін мұндай іс-шараларға жол берілмейтінін алдын ала ескерткенін атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz