Алматыда бір түнде бір учаскеде екі жүргізуші жол ережесін бұзып, полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі оқиға да түн ортасында жолдың дәл сол бір бөлігінде болған.
Екінші жағдайда тәртіп сақшылары 32 жастағы Nissan Almera көлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Ол да бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.
Ал тағы бір жол қозғалысына қатысушы апат кезінде полицияның назарына түскен. Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды жалған куәлікпен тасымалдаған.
Жыл басынан бері Алматыда жүргізуші куәлігінен айырылғаннан кейін көлік басқарған 400-ден астам адам ұсталды.
