Медеу ауданында түнде құтқарушылар таулы жерде іздестіру-құтқару операциясын сәтті жүргізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Үш турист «Қара сарқырама» маңында теңіз деңгейінен шамамен 2650 метр биіктікте қараңғы түскен соң бағдарларын жоғалтып, өз бетімен түсе алмай қалған. Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Құтқарушылар туристерді жедел тауып, олардың таудан қауіпсіз түсуін қамтамасыз етті.
Медициналық көмек қажет болмады, — деп мәлімдеді ТЖМ.
ТЖМ тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райын ескеріп, қараңғы түскенге дейін қайту уақытын есептеу, зарядталған телефон, фонарь алып жүру және жақындарына жоспарларын айту қажеттігін ескертеді.
Дереккөз: Almaty.tv