...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда төртінші қабаттағы пәтерде өрт сөндірілді, бір адам зардап шекті

Алматыдағы Манас көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған өртті өрт сөндірушілер толығымен сөндірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға Бостандық ауданында тіркелді. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жетті. Олар келген кезде пәтерде қатты түтіндеу байқалды. Құтқарушылар жедел түрде өрт сөндіру оқпандарын беріп, сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында өртеніп жатқан бөлмеден ер адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің көрші пәтерлер мен ғимараттың шатырына таралуына жол берілмеді. Құтқарушылар өртті толығымен жойды.

Дереккөз: Inalmaty.kz