Жыл басынан бері Алматыда тегін скринингтердің арқасында 225 рак жағдайы анықталды, оның 215-і ерте сатыда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Тексерулер тіркелген жері бойынша емханаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде, оның ішінде сақтандырылмаған азаматтар үшін де жүргізіледі.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 225 қатерлі ісік жағдайы анықталды, оның 215-і ерте сатыда диагноз қойылды, бұл профилактикалық тексерулердің тиімділігін растайды және уақытылы емдеуді бастауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері Алматы онкологиялық орталығында 14 мыңнан астам пациент мамандандырылған көмек алды. 1 100-ден астам операция жасалды, оның 50%-дан астамы аз инвазивті. Химиотерапиялық емді 12,5 мыңнан астам пациент алды, 500-ге жуық адам сәулелік терапиядан өтті.
— Ауру неғұрлым ерте анықталса, емдеудің сәтті болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары. Сондықтан тегін скринингтерден үнемі өту маңызды. Онкологиялық ауруға күдік туындаған кезде пациент «жасыл дәліз» қағидаты бойынша тексеруден өтеді. Қазақстанда мамандандырылған онкологиялық көмектің барлық көлемі: диагностикадан емдеуге дейін ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі, — деп атап өтті Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Жанна Құжаева.
Бұған дейін Қазақстанда Орталық Азияда ересектер арасында семіздіктің ең төменгі үлесі байқалатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz