
Алматыда тауға шыққан ер адам құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды — ол аяғын жаралап, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін, 2 мамырда, Бостандық ауданында, Алма-Арасан визит-орталығының маңында, теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте 1993 жылы туған ер адамның аяғын тайдырып алып, өздігінен жүре алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары «БАУ» КҚП бірлесіп дереу шықты. Құтқарушылар зардап шеккен адамды тауып, қажетті көмек көрсетіп, жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді. Зардап шеккен адам медиктерге қаралу үшін тапсырылды.
Дереккөз: Nur.kz