
Алматыда тау туризмін дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Жиында Алматы тау кластерін дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық талаптарды сақтау және табиғи аумақтарды қорғау сұрақтары талқылануда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қоғамдық тыңдауларға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып жатыр. Тыңдаулар барысында жоба бойынша ұсыныстар мен пікірлер қарастырылып, инфрақұрылымдық бастамалардың Іле-Алатау табиғатына әсері талқылануда.
Almaty Superski жобасы – Алматы қаласына жақын жерде халықаралық деңгейдегі заманауи тау курортын құруға бағытталған кешенді бастама. Ол қысқы туризмді (шаңғы, сноуборд) ғана емес, сонымен қатар жаяу маршруттар, экотуризм және спорттық белсенділіктерді қамтитын жыл бойына демалуды дамытуды көздейді.
Дереккөз: Zakon.kz