
Медеу ауданындағы Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен бұзылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қаланың құрылыс бақылау басқармасының 2026 жылғы 18 маусымдағы мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптама қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз салынғаны анықталған.
2026 жылғы 4 мамырда Алматыда Сейфуллин даңғылындағы мини-маркеттің бұзылғаны хабарланған болатын. 26 мамырда әкімдік қала орталығындағы азық-түлік дүкенінің заңсыз қосымша құрылысын бұзу туралы айтты.
Дереккөз: Zakon.kz