...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тағы бір заңсыз қосалқы құрылыс бұзылып жатыр

Қалалық құрылыс бақылау басқармасы Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайындағы қосалқы құрылысты бұзу басталғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсат құжаттарынсыз нысан салғаны анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін материалдар сотқа жолданды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен қосалқы құрылыс бұзылуға тиіс.

Нысанды бөлшектеу бүгін қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Дереккөз: Almaty.tv