...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда су үшін 1,4 млн теңге қарызы бар кәсіпорын анықталды

Алматының Әуезов ауданында бір кәсіпорынның сумен жабдықтау қызметтері үшін берешегі 1 млн 400 мың теңгеге жеткені анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы су» Instagram парақшасында коммуналдық қызметтер бойынша қарызы бар коммерциялық нысандарға қатысты рейдтер жүргізілгенін мәлімдеді. Кәсіпорын деректеріне сәйкес, бір ЖШС-ның берешегі 1 млн 400 мың теңгені құрайды.

«Тұтынушыға қарызды өтеу қажеттігі туралы ауызша және жазбаша ескертулер бірнеше рет жіберілді. Ескертулерден кейін шарлы кран пломбаланды, алайда тұтынушы пломбаны өз бетінше алып тастап, суды қайта қосты», — делінген хабарламада.

Ескертулерге қарамастан берешек өтелмеген. «Алматы су» коммуналдық қызметтерді уақтылы төлемеу сумен жабдықтауды тоқтатуға, қарызды сот арқылы мәжбүрлеп өндіруге және банк шоттарындағы қаражатты тұтқындауға әкелуі мүмкін екенін еске салды.