Алматының орталық бөлігінде саябақтарды, соның ішінде «Қарағайлы» саябағын біріктіретін үздіксіз жаяу жүргінші маршруты салынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мамандардың мәліметінше, жұмыстың бірінші кезеңі 2025 жылы Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде аяқталды.
Ал 2026 жылы абаттандыру Наурызбай батыр көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі бөлікте жүргізіліп жатыр. Екінші учаскенің ұзындығы 500 метрден асады.
Енді бұл учаскеден айналма жолсыз тікелей өтуге болады. Босаған аумақта күрделі құрылыс жүргізу қарастырылмаған.
Бұған дейін Алматыдағы жаңа №1 перзентхананың қандай болатыны туралы бейнежазба жарияланған болатын.
