
Алматыдағы Шемякин көшесінің бір бөлігі жол жөндеуге байланысты түнде жабылады. Қозғалыс шектеулері 28 сәуір кешкі 22:00-ден 29 сәуір таңғы 6:00-ге дейін күшінде болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлов даңғылы мен Даналық көшесі аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты AlmatyJoly Telegram-арнасынан, әкімдіктің әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карталар сервистерінен көруге болатынын еске салды.
Дереккөз: Nur.kz