...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Сайран көлі маңындағы көше бөлігі уақытша жабылады

Алматы тұрғындары мен қонақтарына Өтеген батыр көшесіндегі жол учаскесінің уақытша жабылатыны ескертілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жолдың орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Өтеген батыр көшесіндегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

31 тамыз сағат 22:00-ден 1 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

«Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты түзетілуі мүмкін», — деп ескертті әкімдікте.