Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) барлық оқушылары ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 22 қазанда қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Алматыда 2026 жылғы 12 қазанда РФМШ оқушылары жедел ішек инфекциясының белгілерімен балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. Кейіннен ауруханаға түскен балалар саны артқаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ас блогын тексеру қорытындысы бойынша санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды. Инфекция көзін анықтау үшін су мен тағам өнімдерінің сынамалары, жуындылар алынып, ас блогының қызметкерлері тексерілді. Мектеп пен асхананың жұмысы тоқтатылып, зертханалық зерттеулер жалғасуда.
Алматы полициясы жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
