Алматыда Райымбек даңғылында мопед жүргізушісі полициядан жасырынбақ болып, қуғын соңында ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Райымбек даңғылында «Бұран-227» экипажы мемлекеттік нөмірі жабылған мопедті байқаған. Тоқтау талабын елемеген жүргізуші жылдамдықты арттырған.
«Қуғын Райымбек даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында аяқталды. Полицейлер бұзушының жолын бөгеді. Рөлде жүргізуші куәлігі жоқ 33 жастағы ер адам болды», — деп хабарлады полициядан.
Мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылып, жүргізуші қосымша тексеру үшін Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
