...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Қытайдың «губка-қала» тұжырымдамасы енгізіледі

Алматыда Қытайдың «губка-қала» тұжырымдамасын қолдану жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала күніне арналған мақаласында әкім Алматы үшін судың айрықша маңызы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тәсіл Қытай мен Еуропаның бірқатар қалаларында қолданылады және жаңбыр мен қар суларын табиғи жолмен басқаруға негізделген.

Қытайлық ландшафт сәулетшісі Ю Кунцзянь көп жыл бұрын бетон мен болаттан салудан бас тартып, кенет температура өзгерістеріне, құрғақшылыққа және жаңбырға төтеп бере алатын «жасыл инфрақұрылымға» көшуді ұсынған болатын. Ол әзірлеген «губка-қалалар» тұжырымдамасы мегаполистердің орталықтарында жаңбыр суын ұстап, тұрғын үй секторын су басудан сақтайтын саябақтар мен тоғандары бар жасыл аймақтар жасауды көздейді. Сонымен қатар, мұндай аймақтардағы топырақты ылғалдандыру құрғақшылық кезінде жер асты суларының қорын толықтыруға ықпал етеді. 2015 жылы Қытай 16 ауданда пилоттық бағдарлама бастағаны хабарланған. Қазіргі уақытта «губка-қалалар» әлемдік қозғалыстың бір бөлігіне айналды, ол әртүрлі атаулармен белгілі: Еуропада — жасыл инфрақұрылым, АҚШ-та — төмен шығынды даму, Австралияда — су үнемдейтін қалалық дизайн, Перуде — табиғи инфрақұрылым, Канадада — табиғатқа бағытталған шешімдер.

Әкім Сатыбалды өз мақаласында қаланың болашақ келбеті туралы да пікір білдірді.

Алматының даму перспективалары туралы толығырақ әкімнің мақаласында оқуға болады.