...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз -6°С-қа жетеді

Алматыда 23-25 қазан күндері қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз -6°С-қа дейін төмендейді, ал Астана мен Шымкентте ауа райы құрғақ болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл болжамды «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі 2026 жылғы 23-25 қазанға арнап ұсынды. Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға қатты қар жауатынын, бұрқасын мен түнде -3°С-қа дейінгі аяз болатынын ескерткен.

Алматыда 23 қазанда ауа райы айнымалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), тұман болады. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 13 м/с. Түнде ауа температурасы 0,+2°С, күндіз +8+10°С.

24 қазанда айнымалы бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, екпіні 13 м/с. Түнде аяз -2-4°С, күндіз +3+5°С.

25 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде аяз -4-6°С, күндіз +3+5°С.

Астанада 23 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 7-12 м/с. Түнде -2-4°С, күндіз 0+2°С.

24 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Түнде -5-7°С, күндіз +2+4°С.

25 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с. Түнде -3-5°С, күндіз +6+8°С.

Шымкентте 23 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.

24 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.

25 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.