...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда мас жүргізуші полициядан қашып, қатаң ұсталды

Алматыда Сейфуллин даңғылында полиция қызметкерлері мас жүргізушіні қуып, қатаң ұстады. Оқиға бейнежазбада түсірілген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, бастапқыда автокөлік Райымбек даңғылында байқалған, жүргізуші тоқтау талабын орындамаған. Сот-наркологиялық сараптама қорытындысы бойынша, 42 жастағы жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Оған әкімшілік қамақ және көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қауіп төндіреді.

Бұған дейін Алматыда кәмелетке толмағандардың заңсыз көлік жүргізуін анықтау бойынша ауқымды профилактикалық рейдтер жарияланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz