Алматыда 47 мың гектардан астам аумақта күзгі дератизация жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, күзгі дератизация 2026 жылдың 15 қыркүйегі мен 25 қазаны аралығында өтеді. Жұмыс барысында жасыл аймақтар, ашық биотоптар, кеміргіштердің індері, арық желілері, өзендер мен су айдындарының жағалаулары, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамаларының аумақтары өңделеді.
Жеке сектор тұрғындарына арнайы жем нұсқаулықпен және оны қолдану бойынша түсіндірмелермен тегін беріледі. Ал жеке аумақтарды, жер учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстарды иелерінің өздері өңдеуі тиіс. Бұл ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 107-бабында көзделген.
Көппәтерлі тұрғын үйлерде жертөлелерді, шатырларды, баспалдақтарды, контейнер алаңдарын және үй маңындағы аумақтарды дератизациялау КСК мен ОСИ есебінен жүргізіледі. Үй-жай иелері мен жалға алушылар да өз аумақтарын өз бетінше өңдеуі керек. Оларға қаламен бір уақытта өңдеу жүргізу ұсынылады.
Бұған дейін мамандар тышқан немесе егеуқұйрық іздерін байқаған нысан иелеріне күзді күтпеу керектігін айтқан болатын.
