...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда екі кәмелетке толмаған мефедронмен ұсталды

Алматыда есірткі сақтау және тасымалдауға күдікті екі кәмелетке толмаған ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жеке тексеру кезінде жігіттердің бірінен салмағы шамамен 300 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл мефедрон болуы мүмкін.

Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тәркіленген заттың нақты түрі мен салмағын анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Алматы полициясы жастарды есірткінің заңсыз айналымына тарту арналарын анықтау жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұған дейін полицейлер Алматы – Бішкек тас жолында есірткі тасымалдауға күдікті әйелді ұстаған болатын.