
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері өзгерді. Жаңа тарифтер ҚҚС-тың 16% мөлшерлемесін ескере отырып белгіленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардағы бір тұрғынға айына қоқыс шығару қызметінің құны 744,1 теңгені құрады (бұрын 718,5 теңге болған). Ал бір текше метр қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму құны 3 832,5 теңгеге жетті (бұрын 3 303,9 теңге болған).
Құжатта халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жекелеген санаттағы азаматтар үшін жеңілдіктер қарастырылған:
• 100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
• 50% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, I топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, жетім балаларға;
• 25% жеңілдік – II топтағы мүгедектерге және әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне.
Жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі және тұтынушының тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттарды ұсыну шартымен өтініш берген күнінен бастап есеп айырысу кезінде қолданылады. Шешім 28 маусымнан бастап күшіне енеді. Бұған дейін тарифтің өзгеруі ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін көтерілуіне байланысты екені түсіндірілген болатын.
Дереккөз: Zakon.kz