...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда қоғамдық көлік жүйесі жаңарып жатыр: 206 бағыт, 3108 автобус

Алматыда әкім Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту және бағыттар желісін дамыту жалғасуда. Қазір қалада 206 қалалық және қала маңы бағыттары жұмыс істейді, оларға 26 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Жылжымалы құрам 3 108 автобусты құрайды, оның ішінде 1 564 газ автобусы, 137 электробус, 156 троллейбус және 1 251 дизельді автобус бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2023-2025 жылдар аралығында 3 240 автобус сатып алынды, нәтижесінде қоғамдық көліктің орташа пайдалану мерзімі 6 жылдан 2 жылға дейін қысқарды.

2025 жылдың басынан бері Алматыда сегіз жаңа бағыт ұйымдастырылып, 10 бағытта жылжымалы құрам жаңартылды, ал 49 бағыт 230 автобуспен күшейтілді.

Сонымен қатар, Желтоқсан көшесінде BRT желісінің құрылысы аяқталды. Бұл жоба қоғамдық көлік дәліздері жүйесін қалыптастыруға және заманауи жолаушылар инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Қалаға қосылған аудандарда да жол құрылысы жалғасуда. Соңғы бір жылда сегіз шағын ауданда 35 км жаңа жол салынды.

Дереккөз: Nur.kz