Алматыда көлік инфрақұрылымы нысанында жоспарлы лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаттығу барысында мемлекеттік органдар мен арнайы қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ ықтимал лаңкестік қауіптің жолын кесуге бағытталған практикалық іс-қимылдар пысықталды.
«Жаттығуға тартылған барлық бөлімшелер жүктелген оқу міндеттерін сәтті орындады», — деп баға берді полицияда.
Аталған іс-шара қызметтердің жедел әрекет етуге және төтенше жағдайларда үйлесімді жұмыс істеуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді.
