
13–14 мамырда Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында «Уран және сирек металл өнеркәсібін дамыту» атты XII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, үшінші күн шақыру бойынша выездтік бағдарлама форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Конференцияға 34 елден 1000 қатысушы тіркелді, оның ішінде ғалымдар, инженерлер, өнеркәсіп және мемлекеттік құрылым өкілдері бар. Екі күн бойы мамандар тәжірибе алмасып, бірлескен жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Алтынбекұлы Омарбеков конференцияның кең тақырыптық аясын атап өтті: геологиялық барлаудан бастап ядролық отын өндіруге, сирек металл өнеркәсібіне, өндірістік қауіпсіздікке және ғылыми кадрлар даярлауға дейінгі мәселелер қаралды.
Ұлттық ғылым академиясының президенті Ахылбек Күрішбаев сирек металдарды терең өңдеудің маңыздылығын атап өтті: «Біздің ғалымдар осы жұмысқа белсенді араласуы керек. Қазақстанда ғылымды жылдам дамыту үшін үздік әлемдік технологияларды тартып, оларды біздің жағдайымызға бейімдеуіміз қажет».
Дереккөз: Nur.kz