
Алматы полициясы қаңтар оқиғасы кезінде қаладағы қару дүкендерінің бірінен ұрланған екі мылтықты жасырын қоймадан тапты. Қылмыстық іс қозғалып, қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің Instagram-парақшасында хабарланғандай, қару қоймасы Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінің маңынан табылған. Ол жерде қаңтар оқиғасы кезінде қару дүкенінен ұрланған екі оқалы мылтық болған.
„Қоймада қару дүкенінен бұрын ұрланған екі оқалы мылтық болды. Екі мылтық та тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды“, — делінген полиция хабарламасында.
Қару „Қару“ жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде табылған. Бұл шара заңсыз айналымдағы қаруды, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тәркілеуге бағытталған.
Дереккөз: Nur.kz