
Алматыда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Бұл туралы kogam__almaty еріктілері Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
«Табылды. Қайтыс болды. Туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз. Іздеу аяқталды», — деп жазды авторлар.
Оқиғаның басқа мәліметтері жарияланбайды. Еске салайық, Малыгин Егор оңтүстік астанада 10 маусымда хабар-ошарсыз кеткен еді. Оны еріктілер, жедел уәкілдер және барлық қарапайым қала тұрғындары іздеген болатын.
Дереккөз: Inalmaty.kz