Алматыда фонтандарды қысқы кезеңге дайындау жұмыстары басталып, олар 10 қазанға дейін толық өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполисте фонтандарды күзгі-қысқы кезеңге жоспарлы консервациялау жалғасуда. Жұмыстар қазірдің өзінде басталып кеткен.
«Мамандар фонтан кешендерін суыққа дайындайды. Фонтандар өшіріліп, суы төгіліп, шаралар мен жабдықтар тазартылады. Сондай-ақ мамандар инженерлік жүйелерді үрлеп, кептіреді, жабдықтың жекелеген элементтері бөлшектеліп, қысқы сақтауға дайындалады», — делінген хабарламада.
Консервация инженерлік желілер мен жабдықтарды төмен температурадан қорғау үшін қажет және әрбір нысанның техникалық ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізіледі.
Жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қысқы кезеңнен кейін мамандар техникалық қызмет көрсетіп, фонтандарды жаңа маусымға дайындайды.
